«Гарри Поттер» сериалының алғашқы трейлері жарияланды

АҚШ-тың HBO кинокомпаниясы «Гарри Поттер» сериалының алғашқы трейлерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Masa.media.


26/03/2026
07:42 37 0

Бейнеролик HBO-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, соның ішінде YouTube пен Instagram желілерінде де жарияланды. 

 

Трейлерде хикаяның негізгі сәттері қамтылған: Дурсльдер отбасы, Хагридпен танысу, Рон мен Гермионамен достықтың басталуы, Хогвартсқа баратын пойыз, іріктеу қалпағы, квиддич ойыны, сондай-ақ Северус Снейп пен Альбус Дамблдор секілді кейіпкерлер көрініс табады.

 

Жаңа сериалда Гарри Поттер рөлін Доминик Маклафлин сомдайды. Гермиона бейнесін Арабелла Стэнтон, ал Ронды Аластер Стаут ойнайды.

 

Бұған дейін жобада Джон Литгоу (Дамблдор), Паапа Эссьеду (Снейп), Джанет МакТир (МакГонагалл) және Ник Фрост (Хагрид) секілді актерлердің де бой көрсететіні хабарланған. Сонымен қатар, құрамға Пол Уайтхаус (Филч) пен Люк Таллон (Квирелл) қосылды. Айта кетейік, Пол Уайтхаус бұған дейін «Harry Potter and the Prisoner of Azkaban» фильмінде эпизодтық рөлде көрінген.

 

 «Гарри Поттер» – J. K. Rowling жазған сиқыршылар әлемі туралы кітаптар сериясы. Алғашқы кітап 1997 жылы жарық көріп, кейін жеті бөліммен жалғасы мен ғаламды кеңейтетін қосымша туындылар жарияланды. Бұл серия әлем бойынша оқырмандардың зор ықыласына ие болды.

 

2001 жылы аталған кітап желісімен алғашқы фильм түсіріліп, көрермендер тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Ал Гарри Поттер мен оның достарының шытырман оқиғалары туралы соңғы фильм 2011 жылы жарыққа шыққан.

Поделиться

Нет комментариев.

26/03/2026 07:42
37 0

Уведомление