Франциядағы жалпыұлттық ереуіл: Париждің басты символы жабылды
Елдегі наразылықтарға байланысты Эйфель мұнарасы келушілер үшін жабылды.
Мұнараның ресми сайтында нысанның жабылғаны туралы хабарландыру жарияланды. Онда ереуілге байланысты нысанның жұмыс істемейтіні айтылған.
«Ұлттық ереуілге байланысты Эйфель мұнарасы бүгін жабық. Электронды билет сатып алған келушілерден электронды поштасын тексеру сұралады. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар мұнараның сайтында 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа билет бағалары жарияланған.
5 қарашада Францияда өмір сүру құнының өсуіне қарсылық білдірген жаппай ереуілдер өтуі керек болған. Елде наразылық акциялары бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.
Еске салайық, наразылық 2026 жылғы 17 қыркүйекте Париждегі мектептердің бірінде басталып, кейін бүкіл елге тараған. Акцияларға мыңдаған адам қатысқан. Мектеп оқушылары мен басқа да азаматтар мұғалім тапшылығына, сыныптардың шамадан тыс толуына және мектеп ғимараттарының тозуына наразылық білдірген.
19:51
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.