Франциядағы тәртіпсіздіктер: шығын көлемі 200 млн еуродан асты

Шығынның басым бөлігі кәсіпорындардың мүлкіне келген. Оның көлемі 198 миллион еурроға жеткен.


20/11/2026
09:36 0

Мұндай бағалауды France Assureurs сақтандыру компаниялары қауымдастығы жариялады. Қауымдастықтың мәліметінше, шығынның басым бөлігі кәсіпорындардың мүлкіне келген. Оның көлемі 198 миллион еурроға жеткен. Бұл жалпы шығынның 95 пайызынан астамын құрайды. Жеке тұлғалардың мүлкіне келген залал 3,5 миллион еурро, ал автокөліктерге келген шығын 6 миллион еурро деп бағаланған.

 

Сақтандырушылардың есебі 12 қарашаға дейін тіркелген 5 280 сақтандыру жағдайын талдау негізінде жасалған. Атап айтқанда:

 

·        Кәсіпорындар: 198 миллион еурро шығынға ұшыраған. Париж, Лион, Марсель және өзге қалалардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде дүкендер тоналған. Олардың арасында қымбат брендтердің бутиктері де бар.

·        Автокөліктер: көліктердің бүлінуінен келген шығын 6 миллион еурроға бағаланған.

·        Жеке мүлік: жеке тұлғалардың мүлкіне келген залал 3,5 миллион еурро болған.

 

France Assureurs өкілдері екі күнге ғана созылған тәртіпсіздіктерден келген шығынды әдеттен тыс жоғары деп бағалады.

 

Еске салайық,  5 қарашада Францияда ең төменгі жалақыны көтеруді талап еткен жаппай наразылық акциялары өтті. Шерулер полициямен қақтығысқа және өрт қою оқиғаларына ұласқан. DW мәліметінше, ел бойынша 448 адам ұсталған. Франция Ішкі істер министрлігінің дерегінше, шеруге шамамен 575 мың адам қатысқан. Ал «Жалпы еңбек конфедерациясы» кәсіподағы наразылық білдірушілердің санын 1,6 миллион деп бағалаған.

 

Қазан айының соңында да Францияда өмір сүру құнының өсуіне және білім беру жүйесіндегі мәселелерге қарсы жаппай наразылық акциялары өткен. Ол кезде мыңға жуық адам ұсталған.

Поделиться

Нет комментариев.

20/11/2026 09:36
0

Уведомление