Франциядағы ереуілдер: ұсталғандар саны 5 мыңға жетті

Елдегі 3700 орта мектептің 564-інде ереуіл өтті.


03/10/2026
11:53 0

 Оқушылар наразылығы

 

DW жазуынша, Францияда оқушылар наразылығы басталғалы 5 мыңнан астам адам ұсталған. Олардың шамамен 85%-ы кәмелетке толмағандар, басым бөлігі – мектеп оқушылары.

 

Елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньестің мәліметінше, наразылық қозғалысы Франциядағы 3700 орта мектептің 564-ін қамтыды. Білім министрлігінің мәліметінше, оқушылар сабаққа бармай, мектептерді жауып тастауға әрекет жасап жатыр.

 

Нуньестің айтуынша, наразылық күтпеген жерден кең ауқымға жайылған. Оның таралуына, атап айтқанда, әлеуметтік желілер де ықпал еткен. Наразылық шараларын солшыл популистік «Непокорённая Франция» партиясы да қолдаған.

 

Сонымен бірге министр ұйымдастырушылардың зорлық-зомбылықты бақылаудан әлдеқашан айырылғанын атап өтті.

Зардап шеккендер

 

Тәртіпсіздіктер кезінде 65 мектеп қызметкері зардап шеккен. Олардың ішінде 40 мектеп директоры бар. Сонымен қатар 100-ден астам ғимарат бүлінген. Бұл туралы BFMTV телеарнасына министрлік басшысы Эдуар Жеффре мәлімдеді.

Полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

 

Наразылық кезіндегі ең көп талқыланған оқиғалардың бірі Францияның солтүстік-шығысындағы Бельфор қаласында болды. 2 қазанда түсірілген бейнежазбада полиция қызметкерінің аяғынан қағып құлатылғаны, кейін бірнеше адамның оны тепкілегені көрінеді.

 

Полиция қызметкері есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Ішкі істер министрінің мәліметінше, қазір оның жағдайы аса алаңдатарлық емес. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

 

Тергеу барысында полиция 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Бельфор прокуроры оның шабуылға қатысы бар-жоғы әзірге анықталмағанын айтты.

Наразылық неден басталды?

 

Алғашқы акция 21 қыркүйекте Париж маңындағы Кретей қаласындағы Сент-Экзюпери лицейінде өткен. Кейін оқушылардың наразылығы Францияның басқа өңірлеріне де тарады.

 

Жоғары сынып оқушылары сыныптардың шамадан тыс толып кетуі мен мұғалім тапшылығы мәселесін шешуді талап етеді. Сондай-ақ мектеп ғимараттарының жағдайына шағымданған. Бұған қоса, оқушылар оқу кестесінің шамадан тыс тығыз екенін айтып, наразылық білдіріп отыр.

 

Бірқатар ірі қалада наразылық полициямен қақтығысқа ұласқан. Кейбір қатысушылар тас пен жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелер лақтырған. Құқық қорғау органдары бұған жауап ретінде көз жасаурататын газ қолданған.

 

фото: sb.by

Поделиться

Нет комментариев.

03/10/2026 11:53
0

Уведомление