Еуропарламенттің 50 депутаты порнографиялық дипфейкке іліккен
Agora Digitale Transformation жүргізген зерттеу нәтижесінде Еуропарламенттің 50 депутаты жасанды интеллект көмегімен жасалған порнографиялық дипфейктерде бейнеленгені анықталды.
Зерттеу ұйымының есебінде 50 депутаттың 46-сы әйел, төртеуі ер адам екені көрсетілген. Яғни Еуропарламенттегі шамамен әр алтыншы әйел депутат осындай материалдардың нысанына айналған.
«Біздің жаңа талдауымыз Еуропарламенттің 50 депутаты - 46 әйел және төрт ер адам дипфейк технологиясы арқылы жасалған порнографиялық материалдарда бейнеленгенін немесе осындай жарияланымдармен байланыстырылғанын көрсетті. Бұл Еуропарламенттегі шамамен әр алтыншы әйел депутатқа қатысты», - делінген ұйым есебінде.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл мәселе Еуропарламенттегі барлық ірі саяси фракцияға қатысты. Демек, дипфейктер оның саяси спектрінің әр бөлігіне әсер етіп отыр.
Бұған дейін мамыр айында Испания үкіметі Еуропалық одақ адамның келісімінсіз сексуалдық сипаттағы дипфейктер жасау үшін жасанды интеллект жүйелерін пайдалануға тыйым салу туралы ұсынысын мақұлдағанын хабарлаған.
Испания бұл шараны қаңтарда әлеуметтік желідегі виртуалды көмекші Grok арқылы жалаңаш әйелдер мен кәмелетке толмағандардың бейнесін жасауға қатысты жанжалдан кейін ұсынған.
10:48
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.