Популярные тэги

Еуропа көшбасшылары украин халқы үшін дұға жасады

Бүгін Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғанына 4 жыл. Украин халқының азапты өмірінің бастауы болған қасіретті күні Киевтегі София ғибадатханасында дұға оқылды.


24/02/2026
17:17 24 0

Украин халқына қолдау

 

Ғибадатханаға Украина басшысы Владимир Зеленский, оның жұбайы Елене және бүгін Киевке арнайы келген Еуропа елдерінің басшылары жиналды.  

 

Зеленскийдің айтуынша, дұға украин сарбаздарына күш-қуат пен қолдау тілеп, тұтқындардың азат етілуін, туған үйін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың амандығын, сондай-ақ украин халқының бірлігі мен елде лайықты бейбітшілік орнауын тілеуге арналды.

 

Бүгін Киевте «ниетті елдер коалициясының» кездесуі мен «Украина – Солтүстік Еуропа және Балтық елдері» саммиті өтіп жатыр.  Украина астанасына Хорватия, Эстония, Латвия, Исландия, Финляндия, Дания, Швеция және Норвегия басшылары, сондай-ақ Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта келді. Бұл жөнінде Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді.

 

«Бейбітшілік орнамайынша кері шегінбейміз»

 

Сондай-ақ, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен де арнайы келді. Бұл – оның Украинадағы соғыс басталғалы бері Киевке оныншы мәрте Киевке сапарлап келуі.

 

 

«Осымен оныншы мәрте Киевке келіп тұрмын. Еуропа қыс бойы Украинаны қаржылай, әскери қолдай беретінін көрсету үшін келдім», – деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы.

 

Бұған қоса, саясаткер «бейбітшілік орнамайынша кері шегінбейтінін» мәлімдеді.

 

Еске салайық, 2022 жылғы 24 ақпанда, осыдан тура төрт жыл бұрын Ресей әскері Украина аумағына басып кірді. Украинаны 3-ақ күнде тізе бүктірем деп уәде берген Путиннің жоспары орындалмай, рухы мықты украин халқымен соғыс жылдарға ұласты.

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2026 17:17
24 0

Уведомление