Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды
Қазақстанның пара биатлоншысы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Masa media.
Отандасымыз 4,5 шақырымдық із қуу сайысында (отырып) топ жарды.
Бұл – Хамитовтың Паралимпиададағы екінші жүлдесі. Ол наурыздың 10-ы күні 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт ішінде мәре сызығын кесіп өтіп, үшінші орынға ие болған.
Еске салайық, Милан, Кортина-д’Ампеццо және Солтүстік Италиядағы бірқатар қалаларда 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр.
Додада Қазақстан атынан жеті спортшы екі спорт түрі бойынша өнер көрсетіп жатыр — парабиатлон және парашаңғы жарысы.
Фото: ҰОК
17:12
67
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.