Популярные тэги

Енді екінің бірі жеке мектеп аша алмайды: лицензия кімдерге беріледі

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Masa Media.


17/01/2026
17:56 18 0

Лицензия беру шарты

 

Ведомство мәліметінше, бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана берілмек.

 

Құрылтайшылар жауапкершілігі

 

Жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазіргі таңда құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.

 

Қазақстанда қанша жеке мектеп бар

 

Қазіргі таңда еліміздегі 785 жеке мектептің құжаттары цифрландырылды, жалпы лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар. Үкімет жаңадан ашылатын жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру ісіне мораторий жариялауды жоспарлауда.

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2026 17:56
18 0

Уведомление