Елімізде жеке үйлерге сұраныс арта бастады
Елімізде тұрғын үй саудасы біршама бәсеңдеді. Десе де, мамандар жеке үйлер сатылымы көбейгенін айтады.
2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3% аз.
Биылғы тоғыз айда ең көп мәміле маусымда жасалған –39 053. Одан кейін көрсеткіш үш ай қатарынан төмендеп, қыркүйекте 35,4 мыңға түсті. Ал 2025 жылы ең жоғары көрсеткіш желтоқсанда тіркелген: бір айда 53 128 мәміле жасалды.
Өңірлер арасында Алматы мен Астана алда келеді. Қыркүйекте Алматыда 7 248, Астанада 6 119 мәміле тіркелді. Екі қалаға елдегі барлық мәміленің 37,8%-ы тиесілі.
Пәтер мен жеке үй саудасында қозғалыс әртүрлі. Тамызбен салыстырғанда пәтерлер бойынша мәмілелер 2,2%-ға азайса, жеке тұрғын үйлер бойынша 2,7%-ға артқан. Дегенмен сауданың басым бөлігі әлі де пәтерлерге тиесілі: қыркүйектегі барлық мәміленің 76,5%-ы осы сегментте жасалған.
11:18
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.