Елге кедендік бажсыз тауар әкелу тәртібі өзгерді: жолаушылар нені білуі керек
Кедендік бажсыз тауар әкелу шегі адамның шекарадан қандай көлікпен өткені немесе сәлемдемені қалай алғанына байланысты өзгереді.
Қазақстанға ұшақпен оралған азаматтар жеке басына және отбасының қажетіне арналған тауарларды кедендік баж төлемей, жалпы құны 10 мың еуроға дейін, салмағы 50 келіден аспайтын мөлшерде алып келе алады. Бұл жеңілдік жеке пайдалануға арналған заттарға қатысты. Кедендік бажсыз тауар әкелу шегі адамның шекарадан қандай көлікпен өткені немесе сәлемдемені қалай алғанына байланысты өзгереді.
Ұшақпен келгенде: жолаушыларға ең жоғары шек белгіленген. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың жалпы құны 10 мың еуродан, салмағы 50 келіден аспаса, кедендік баж төленбейді.
Құрлық арқылы немесе жаяу өткенде: автокөлікпен, пойызбен немесе жаяу шекарадан өткен азаматтарға, сондай-ақ сәлемдемелерге қойылатын шек әлдеқайда төмен. Тауарлардың құны 500 еуродан, жалпы салмағы 25 келіден аспауы керек.
Халықаралық сәлемдемелер: пошта немесе курьерлік қызмет арқылы жеткізілетін тауарлардың құны 200 еуродан, салмағы 31 келіден аспауы тиіс.
Егер сатып алынған тауарлардың құны немесе салмағы белгіленген шектен асып кетсе, кедендік баж тек артық мөлшеріне есептеледі.
Жолаушы алып өтетін багажға: лимиттен асқан құнның 30 пайызы мөлшерінде баж салынады. Бірақ әр артық килограмм үшін төленетін сома 4 еуродан кем болмауы керек.
Халықаралық сәлемдемелерге: шектен асқан құнның 15 пайызы мөлшерінде баж салынады. Бұл ретте әр артық килограмм үшін кемінде 2 еуро төленеді.
Кеден қызметкерлері тауарларды бағалағанда олардың құны мен салмағына ғана емес, бірдей заттардың санына, азаматтың шекарадан қаншалықты жиі өтетініне және тауарды қандай мақсатта әкеліп жатқанына да назар аударады. Егер сатып алынған заттар саудаға арналған тауар ретінде бағаланса, оларды кедендік рәсімдеу кәсіпкерлік қызметке арналған тауарларға қолданылатын жалпы тәртіппен жүргізіледі.
09:41
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.