Елена Рыбакина Мария Шарапованың рекордын қайталады
Қазақстанның – бірінші, ал әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы тізе бүктірді. Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында Рыбакина 2009 жылдан бері бір маусымда Индиан-Уэллс пен Майами турнирлерінің екеуінде де бірнеше рет жартылай финалға шыққан үшінші теннисші атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек Мария Шарапова мен Виктория Азаренко ғана қол жеткізген, деп жазады Sports.kz OptaAce дерегіне сілтеме жасап.
Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.
Айта кетейік, Miami Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 1 151 380 доллар сыйақы алады.
07:15
29
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.