Популярные тэги

Елде өзбек пен қытай компаниялары қаптады

Былтыр Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялар немесе олардың филиалдарының саны 4,4 мыңға көбейген, деп хабарлайды Masa Media.


16/01/2026
16:55 31 0

Өсімге не әсер етті?

 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсімге елімізде Қытай мен Өзбекстан кәсібінің көптеп келуі себеп.

 

2026 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша Қазақстанда шетелдік қатысуы бар 63,9 мың заңды тұлға мен олардың филиалдары тіркелген. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,4 мыңға артқан.

 

Көшбасшы қай ел?

 

2025 жылы Қазақстанда бизнес ашудан үш ел көшбасшы:

 

  • Бір жылда Қытайдың қатысуымен 2,8 мың жаңа компания тіркелді (жалпы саны 8 мыңға жетті).
  • Өзбекстан компаниялары 2,5 мыңға артты (жалпы саны — 8,2 мың).
  • Сондай-ақ, 2025 жылы Әзербайжан капиталы бар компаниялар саны 102-ге көбейген. Қалған елдер бойынша өсім 100-ден аспайды.

 

Кәсібі дөңгелемеген елдер

 

Ресей Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың жалпы саны бойынша көш бастап тұрғанымен(23 мың компания), өткен жылы бұл ел кәсіпорындарының жұмысы жүре қоймады  – бір жылда 468 заңды тұлға жабылып қалды.

 

Сондай-ақ, өткен жылы Қырғызстан (–313) және Түркия (–209) капиталы бар компаниялардың да саны азайған.

 

Компаниялар құрылымы

 

Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындардың басым бөлігі – шағын бизнес: 63,4 мың. Орта компаниялардың саны 359, ірі компаниялар саны 222.

 

Қай салаларда жұмыс істейді?

 

Ел аумағында тіркелген компаниялар негізінен мына салаларда жұмыс істейді:

 

  • Сауда және автокөлік жөндеу – 23,5 мың;
  •  
  • Өзге де қызмет түрлерін көрсету – 10,1 мың;
  •  
  • Құрылыс – 5,9 мың;
  •  
  • Ғылыми және техникалық қызмет – 4,3 мың.
  •  
Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2026 16:55
31 0

Уведомление