Популярные тэги

Экспорттың шектелуі: Қазақ мұнайы тығырықтан қалай шығады

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспорт шектелген соң, 2025 жылғы желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» компаниясы шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті, деп хабарлайды Masa Media.


16/01/2026
11:19 25 0

БАЛАМА ЖОЛДАР

 

КҚК инфрақұрылымы былтыр қарашаның аяғында дрондар шабуылына ұшырап, қазақ мұнайын Батысқа экспорттау күрт кеміді. Соған байланысты Қазақстан КҚК-ге балама жолдар іздестіруге мәжбүр болды.

 

«ҚазМұнайГаз» мәліметінше, қазақ мұнайы «ҚазТрансОйл» жүйесі арқылы басқа да жолдармен экспортталып жатыр.

«Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды», – деп хабарлады ұлттық компания.

2026 жылғы қаңтарда да КҚК-дегі жағдай өзгере қоймаған. Соған байланысты ұлттық компания «мұнайды қайта бағыттау жұмыстары жалғасатынын» мәлімдеп отыр.

 

ҚОСЫМША БАҒЫТТАР

 

«ҚазМұнайГаз» үш түрлі қосымша бағытты атады. Олар:

 

2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалады. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп жоспарланған.

 

Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі – 1,6 млн тоннаға дейін.

 

Қазақстан мұнайы Қытайға тұрақты түрде тасымалданып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.

 

ТАНКЕРЛЕРГЕ ШАБУЫЛ

 

13 қаңтарда КҚК терминалына Қазақстан мұнайын тиеу үшін бара жатқан екі танкерге ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасалды. Олардың бірі «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы тарапынан, екіншісі Chevron компаниясы тарапынан жалға алынған.

 

Matilda танкері Қарашығанақ мұнайын тиеуі тиіс болса,  Delta Harmony танкері Теңіз кен орнынан алынған мұнайды тиеуге бара жатқан.

 

ҚАЗАҚ МҰНАЙЫН ЭКСПОРТТАЙТЫН БАСТЫ БАҒЫТ

 

КҚК терминалы арқылы Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

 

– Бұл шабуылдар КҚК арқылы мұнай жөнелтуді одан әрі қиындатуы мүмкін. Бұл Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт, ал ондағы тасымал қазірдің өзінде қолайсыз ауа райы мен қараша айындағы дрон шабуылынан кейінгі айлақ зақымына байланысты төмендеп кеткен, -  деп жазды Bloomberg.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2026 11:19
25 0

Уведомление