Популярные тэги

Экс-судья Жолманова тағы да сот алдында жауап береді

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова қайтадан сот алдында жауап береді.


12/01/2026
13:03 28 0

фото: Ulysmedia.kz

 

Толығырақ

 

Адвокат Радмир Өтеповтың Masa Media-ға хабарлауынша, Жоламанова тағы да алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Өзге жәбірленушілердің арызы бойынша тергеу жүргізіліп, іс Медеу ауданының №2 сотына жолданған. Қазіргі таңда Жолманова қамауда отыр. Сот процесі ашық режимде өтетіні хабарланды.

 

 

Өткен жылы экс-судья аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Тергеу деректеріне сәйкес, Жолманова адамдарды тұрғын үй сатып алуға көмектесемін және тендерлерге қатысуға жәрдемдесемін деп алдап, бір миллиард теңгеден астам қаржыны иемденген.

 

Іс неден басталды?

 

2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

 

Ол бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан. Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылып, іс қайта жанданды.

 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Жолманованың Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек пен оның жұбайы, бұрынғы судья Жанар Байбекпен достық қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда сот процесі барысында прокурор бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2026 13:03
28 0

Уведомление