Экс-министрі Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі

Ол Абай облысындағы орман өртінен кейін қызметінен кеткен


13/06/2023
14:16 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Абай облысындағы орман өртінен кейін қызметінен алынып тасталған бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады. 

 

– Президент Бас прокурорға тапсырма берді, сол бойынша тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сондықтан оқиғаның мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталады. Неліктен дер кезінде шара қолданылмады, немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау және т.б. тексеріледі, – деді ол.

Поделиться

Нет комментариев.

13/06/2023 14:16
0

Уведомление