Экс-министр Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

Прокурор оны 9 жылға соттауды сұраған


16/06/2023
12:47 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты. Онда ол өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, ешқандай қаржы жымқырмағанын мәлімдеді. 

 

– Мен кез келген жазаға келісемін, тіпті атып тастаса да мейлі – бірақ тек ақша жымқыру емес. Қазақтың керемет мақалы бар. Өлімнен ұят күшті, – деді ол соңғы сөзінде. 

 

Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрған уақытта «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған. 

 

Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұраған. 

 

Іс бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек үш сотталушы – Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садуақасова бар. Прокурор оларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

 

Келесі сот отырысы 19 маусымда өтеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

16/06/2023 12:47
0

Уведомление