EBU Қазақстанды Eurovision-ға қатыстырудан бас тартты

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) «Хабар» медиахолдингінің толыққанды мүшелікке өткізуден ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды  Masa.media.  


11/09/2026
09:02 0

EBU ЖАУАБЫ

 

Politico-ның жазуынша, бұл Қазақстанды Eurovision ән байқауына қатысу мүмкіндігінен айырады.

 

EBU өз шешімін бюрократиялық талаптармен түсіндірді. Қазақстан географиялық тұрғыдан одақтың хабар тарату аймағынан тыс орналасқан. Сонымен қатар Қазақстан Еуропа Кеңесінің мүшесі емес әрі онда бақылаушы мәртебесіне де ие емес.

 

Соңғы уақытта ұйымның ережелері біршама икемді бола бастаған. Мәселен, Канада Еуропа Кеңесіндегі мәртебесінің арқасында 2027 жылы «Евровидениеге» алғаш рет қатысуға мүмкіндік алды. Алайда әзірге Астана үшін бұл мүмкіндік жабық күйінде қалып отыр.

«Осы себепті қазіргі уақытта "Хабар" агенттігі толыққанды мүшелікке өту құқығына ие емес», – делінген жарияланымда.

 Десе де, Еуропалық хабар тарату одағы «Хабармен» қарым-қатынасты үзуді жоспарлап отырған жоқ. Тараптарды көпжылдық ынтымақтастық байланыстырады. Қазақстан 2018-2022 жылдар аралығында «Балалар Евровидениесіне» тұрақты түрде қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

 

БАЙҚАУ ЖАЙЛЫ

 

Eurovision Song Contest – Еуропалық хабар тарату одағы 1956 жылдан бері өткізіп келе жатқан халықаралық ән байқауы.

 

Ол алғаш рет 1956 жылы Швейцарияда өткен. Байқауға EBU құрамындағы қоғамдық хабар таратушылардың өкілдері қатысады. Әр ел өз әншісін ұсынып, көрермендер мен кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталады.

 

Eurovision әлемдегі ең ірі әрі ең танымал музыкалық телевизиялық байқаулардың біріне саналады. Байқауға Еуропа елдерімен қатар, EBU талаптарына сай келетін басқа мемлекеттер де қатыса алады. Қазақстан бұған дейін 2018-2022 жылдары балалар арасында өткен Eurovision-ға қатысқан.

Поделиться

Нет комментариев.

11/09/2026 09:02
0

Уведомление