Ең ауқымды қысқарту: Netflix мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығарады

Бұл компаниядағы жалпы жұмыс күшінің шамамен 6 пайызына тең.  


15/10/2026
12:25 0

The Wall Street Journal-дың жазуынша, 2022 жылдан бері мұндай ауқымдағы қысқарту алғаш рет қолға алынбақ. Соған қарамастан, стримингтік сервис миллиардтаған доллар табыс тауып, жаңа жобаларын дамытып келеді.

 

Өткен жылы Netflix-те шамамен 16 мың адам жұмыс істеген. Енді компания басшылығы шығындарды қайта қарап, қызметкерлерді бөлімдер арасында бөлуді оңтайландыруға шешім қабылдаған. Соның салдарынан мыңға жуық адам жұмысынан айырылуы мүмкін.

 

Компанияның тең бас директорлары Тед Сарандос пен Грег Питерс қызметкерлерге бизнестің жағдайы жақсы екенін және Netflix биылғы қаржылық жоспарын орындауға ниетті екенін жеткізген. Дегенмен компания алдағы уақытта әлеуеті жоғары деп санайтын бағыттарға басымдық бермек.

 

Netflix-тің дамытатын бағыттары аз емес. Фильмдер мен сериалдардан бөлек, сервис бейнеойындар, подкасттар әзірлеп, спорттық жарыстарды тікелей эфирде көрсетуді де қолға алған. 2025 жылы компанияның табысы шамамен 45,2 млрд долларға жетті. Биыл ол жазылым бағасын да көтерді.

 

Осылайша, табыстың өсуі мен жаңа жобалардың пайда болуы қызметкерлер саны міндетті түрде көбейеді дегенді білдірмейді. Медиа нарығындағы алпауыт жаңа табыс көздерін іздеуді жалғастыра отырып, кадрларға жұмсалатын шығынды қысқартуға кіріскен.

Поделиться

Нет комментариев.

15/10/2026 12:25
0

Уведомление