Популярные тэги

Дрон шабуылы: кемелерді сақтандыру құны күрт өсті

КҚК терминалында мұнай тасымалдайтын танкерлерге жасалған дрон шабуылынан соң осы бағытта жүзетін кемелерді сақтандыру бағасы екі есеге жуық өсті.


14/01/2026
11:30 26 0

фото: ИИ

 

Reuters басылымының жазуынша, кемелердің шабуылға ұшырауы теңіз тасымалына қатысты тәуекелдерді арттырды. Шабуыл салдарынан сақтандыру компаниялары аймаққа қатынайтын танкерлер үшін тарифті қайта қарап, бағасын көтеруге мәжбүр болған.

 

Сарапшылар сақтандыру тарифінің қымбаттауы Қара теңіз арқылы жүк тасымалдау құнына тікелей әсер ететінін айтып отыр. Себебі бұл аймақ әлемдік мұнай тасымалы үшін маңызды бағыттардың бірі екені белгілі. Қара теңіздегі ресейлік терминалдар арқылы әлемдік мұнай көлемінің 2 пайыздан азы жөнелтіледі.

 

Қара теңіз – мұнай тасымалынан бөлек, астық экспорты үшін де маңызды бағыт. Бұл теңіз арқылы Болгария, Грузия, Румыния, Түркия, Ресей және Украина порттары арасында жүк тасымалы жүргізіледі.

 

Танкерлерге шабуыл

 

Кеше КҚК терминалына Қазақстан мұнайын тиеу үшін бара жатқан екі танкерге ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасады. Олардың бірі «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы тарапынан, екіншісі Chevron компаниясы тарапынан жалға алынған.

 

Matilda танкері Қарашығанақ мұнайын тиеуі тиіс болса,  Delta Harmony танкері Теңіз кен орнынан алынған мұнайды тиеуге бара жатқан.

 

Қазақ мұнайын экспорттайтын басты бағыт

 

КҚК терминалы арқылы Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

 

– Бұл шабуылдар КҚК арқылы мұнай жөнелтуді одан әрі қиындатуы мүмкін. Бұл Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт, ал ондағы тасымал қазірдің өзінде қолайсыз ауа райы мен қараша айындағы дрон шабуылынан кейінгі айлақ зақымына байланысты төмендеп кеткен, -  деп жазды Bloomberg.

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/01/2026 11:30
26 0

Уведомление