«Дәл Венесуэладағыдай»: Трам Иранның жаңа көсемін өзі тағайындағысы келеді
Ақ үй басшысы Иранның болашақ жоғарғы көсемін сайлау процесіне қатысқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Masa media.
«Моджтаба Хаменеи – түкке тұрғысыз адам»
Axios басылымына берген сұхбатында Трамп Иранның келесі көшбасшысы туралы ойын ортаға салды. Оның айтуынша, елдің болашақ басшылығын айқындау процесіне өзі қатысуы қажет. Ол мұндай тәжірибе бұған дейін Венесуэлада жағдайында да болғанын алға тартты.
Трамп сонымен қатар марқұм аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеидің әкесінің орнын басу мүмкіндігі жөнінде де пікір білдірді.
«Олар уақыттарын босқа кетіріп отыр. Хаменейдің ұлы – түкке тұрғысыз адам. Мен тағайындау процесіне қатысуым керек, Венесуэлада Делси Родригесті тағайындағандай. Хаменеидің ұлы мен үшін мүлде қолайсыз. Иранға үйлесім мен бейбітшілік әкелетін адам қажет», – деді Трамп.
Иранды кім басқаруы мүмкін
Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Моджтаба Хаменеидің Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болғанын жазды. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.
Журналистердің мәліметінше, ел билігі әзірге Әли Хаменеидің мұрагерінің есімін жариялауды кейінге қалдырып отыр.
Axios басылымы Трамптың мәлімдемесін «ерекше әрі тосын» деп бағалап, мұндай сөздер АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери науқанының мақсаттарын одан әрі түсініксіз етуі мүмкін екенін жазды.
Еске салайық, бұдан ұрын Ақ үй басшысы Иранның жоғарғы көшбасшысы лауазымына лайық үш кандидаты барын айтқан. Алайда Трамп олардың есімін атаған жоқ.
фото: islamnews.ru
06:52
20
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.