Дениз Чакыр, Өзджан Дениз: Түркияда есірткі қолданды күдікпен белгілі әртістер ұсталды

Түркияда есірткіге қарсы операция барысында «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған актриса Дениз Чакыр мен бірқатар танымал тұлға ұсталды.


25/11/2026
08:45 0

Yeni Şafak басылымының жазуынша, Ыстамбұл прокуратурасы есірткі және жезөкшелікке қатысты қылмыстарды тергеп жатыр. Тергеу аясында 35 адамды ұстауға ордер берілген. Олардың арасында әнші Өзджан Дениз, промоутер Эрдал Бозкуш пен режиссер Джем Карджы да бар.

 

Операция кезінде ұсталған 23 адамның аты-жөні жарияланды. Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында куәгерлердің жауаптары, жасырын куәгердің сөзі, күдіктілердің түсініктемелері мен цифрлық материалдар зерттелген. Нәтижесінде есірткі қолданды немесе сақтады деген күдікпен 35 адамды ұстау туралы шешім қабылданған.

 

Ұсталғандар медициналық тексеруден өтіп, есірткіге сараптама тапсырады. Прокуратурада жауап бергеннен кейін олардың босатылуы немесе сотқа жіберілуі мүмкін.

 

Түркияда 2025 жылдың қазан айынан бері есірткіге қарсы рейдтер тұрақты жүргізіліп келеді. Операцияларға актерлер, музыканттар, кәсіпкерлер мен әлеуметтік желі жұлдыздары да іліккен. Бұған дейін есірткіге тест тапсыру үшін 20-дан астам адам ұсталған. Олардың арасында «Ғаламат ғасыр» жұлдызы Берен Саат, бұрынғы «Түркия аруы» Айше Хатун Онал және актриса Алейна Бозок болған.

 

Сондай-ақ есірткі қолданды деген күдікпен бизнесмендер Хакан мен Керим Сабанджи, «Галатасарай» клубының бұрынғы президенті Бурак Эльмас және «Есігімді қақшы» сериалының жұлдызы Ханде Эрчел де тергеуге алынған.

 

Лондонда білім алып жүрген Ханде Эрчел Түркияға оралып, тергеуге түсініктеме беретінін мәлімдеген. Актриса елінің әділдігіне сенетінін айтқан.

Поделиться

Нет комментариев.

25/11/2026 08:45
0

Уведомление