«Дайынбыз»: Куба АҚШ-тың ықтимал шабуылын күтіп отыр

Кубаның қарулы күштері АҚШ тарапынан болуы мүмкін әскери әрекеттерге дайындықты күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Masa.media.


23/03/2026
11:32 29 0

«Дайынбыз»

 

Куба сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссионың мәлімдеуінше, қазіргі жаһандық жағдайды ескерсек, дайындықсыз отыру дұрыс емес.

«Біздің әскерлер әрдайым дайын, қазір де ықтимал агрессияға қарсы дайындық жүргізіліп жатыр», – деді де Коссио.

 Кубадағы мұнай тапшылығы

 

Сонымен қатар, Гавана АҚШ-пен мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін айтты.

 

«Біз мұндай оқиғаның орын алуына еш негіз көріп отырған жоқпыз», – деп нақтылады ол.

 

Бұған дейін министрдің орынбасары Кубадағы мұнай тапшылығы АҚШ саясатының нәтижесі екенін атап өткен. Оның айтуынша, бұл блокада мәңгі жалғаспайды.

 «Жағдай өте күрделі, біз оны шешуге бар күшімізді салудамыз. Отын қандай да бір жолмен жеткізіледі деп сенеміз, ал АҚШ енгізген бұл бойкот ұзаққа созылмайды», – деді ол.

Трамптың мәлімдемелері

 

Наурыз айының басында Дональд Трамп Ирандағы әскери операциядан кейін Кубада елеулі өзгерістер болатынын мәлімдеген. Бұған дейін де ол Куба үкіметінің «жақын арада құлайтынын» және бұл АҚШ үшін «уақыт мәселесі» екенін айтқан.

 

Ал Куба президенті Мигель Диас-Канель наурыз айында алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен келіссөздер жүргізілгенін растады. Келіссөздер нәтижесінде ол АҚШ Кубаға күн сайын билікті күшпен ауыстыру қауіпін төндіріп отырғанын мәлімдеді.

 

Фото: dw.com

Поделиться

Нет комментариев.

23/03/2026 11:32
29 0

Уведомление