Дастан Сәтпаев ойыннан тағы тыс қалды: «Бернли» бапкері мәлімдеме жасады

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев денсаулығына байланысты «Бернлидің» кезекті матчына қатыса алмады.


02/11/2026
08:18 0

Англияның «Бернли» клубының жаңа бас бапкері Фабио Челестини 18 жастағы футболшының жағдайын клуб «Челсимен» бірлесіп бақылап отырғанын мәлімдеді.

 

Сәтпаев сенбі күні «Портсмутқа» қарсы өткен матчқа «Бернлидің» өтініміне енбеді. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл Челестинидің команданы тізгіндегеннен кейінгі алғашқы ойыны болды.

 

Бұған дейін шабуылшы Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қараша айындағы матчтарына да шақырту алмаған еді. Оған дейін ол санының артқы бұлшықетінен алған жарақатынан айыққан болатын. «Челси» футболшыға түсетін ойын жүктемесін біртіндеп арттырып, жарақатының қайта асқынуына жол бермеуді жоспарлаған.

 

Алайда Сәтпаевтың денсаулығына қатысты мәселе қайта туындады. Оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

«Қазір біз "Челсимен" бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Оның санның артқы бұлшықеттеріне қатысты мәселесі бар. Жағдайды бірге, кезең-кезеңімен, күн сайын бақылауымыз керек», – деді Челестини.

Бапкер футболшының қанша уақыт емделетінін әзірге айта алмайтынын жеткізді. Өйткені ол «Портсмутпен» матчқа небәрі 48 сағат қалғанда ғана «Бернлиді» басқаруға кіріскен және ойыншының жағдайына әлі қанықпаған.

Поделиться

Нет комментариев.

02/11/2026 08:18
0

Уведомление