Дастан Сәтбаев Ұлыбританиядағы қазақ студенттеріне тосынсый жасады
Қазақстандық жастар Халықаралық студенттер күнін Лондондағы елшілік ғимаратында атап өтті.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің мәліметінше, мерекелік кеште жастар елшімен кездесіп, пікір алмасты. Дипломат студенттерге Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар туралы айтып, шетелде білім алып жүрген отандастарға жан-жақты қолдау көрсетуге елшілік әрдайым дайын екенін жеткізді.

Кештің мәдени бағдарламасы аясында «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі көрсетілді.
Ал кездесуге келген жастар үшін ең күтпеген сыйлық – қазақстандық танымал футболшы Дастан Сәтпаевтың арнайы келуі болды. Спортшы отандастарымен емен-жарқын әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді. Қолтаңба беріп, суретке түсті.

09:28
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.