«Бәрі жоғары деңгейде»: өзбекстандық әлем чемпионы Қазақстанға тәнті болды

Өзбекстандық боксшы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиев Қазақстан спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны туралы пікірін білдірді.


23/03/2026
08:44 33 0

Өзбекстандық әлем чемпионы Қазақстанға тәнті болғанын айтты

 

Өзбекстандық боксшы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиев Қазақстан спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны туралы пікірін білдірді.

 

Қазақстан бокс федерациясының жазуынша, спортшыға Қазақстандағы жиын ерекше әсер қалдырған.

 

– Бұл менің мұндағы алғашқы оқу-жаттығу жиыным. Бәрі қатты ұнады. Тек маған ғана емес, бәріне жақсы әсер қалдырды деп ойлаймын. Жаттығу залы да, тамақтану да жоғары деңгейде. Жігіттер өте ашық-жарқын, қонақжай халық — Қазақстанды бұрыннан солай білеміз. Төреханмен, Махмұд Сабырханмен достығымыз бар. Атқа мініп те үлгердік. Қазір тыңғылықты дайындалып, алдағы жарыстарға әзірленіп жатырмыз, – деді Умматалиев.

 

Оның сөзінше, мұндай бірлескен жаттығулар Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан спортшылары үшін үлкен тәжірибе.

 

– Осындай ортақ жиындар жарыс алдында маңызды рөл атқарады. Алдағы бәсекеде жүлделі орындар бізге бұйырады деп сенемін. Меніңше, бірінші және екінші орындарды Қазақстан мен Өзбекстан иеленеді, – деді ол.

 

Айта кетейік, Жавохир Умматалиев  – 2025 жылғы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

Поделиться

Нет комментариев.

23/03/2026 08:44
33 0

Уведомление