Бренд сөмкелерімен аты шыққан Серғазина қызметінен кетті
Айнұр Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Masa media.
Ауыс-түйіс
Президент өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Оның орнына Ұлан Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Серғазинаның мансап жолы
Шенеуніктің еңбек жолы 2010 жылы өзі оқыған Алматы энергетика және байланыс университетінен басталған. Әуелі оқу біліктілігі маманы, кейін тәрбие жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі болды.
2016-2018 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның маманы / жетекші маманы.
2018 жылдан 2022 жылға дейін – «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жобалар бас менеджері / бағдарламалар менеджері / мемлекеттік бағдарлама бағытының басшысы / жауапты хатшысы / басқарушы директоры.
2022 жылғы 31 қаңтарда бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бренд сөмкелер ханшайымы
Агенттікке келген күннен жұрт назарын өзіне аударған Серғазинаның Instagram-дағы әдемі суреттері қызу талқыланды. Шетелдегі демалыс орындары, бренд сөмкелері мен әшекейлерін көрсетем деп басы дауға қалғаны есте. Қазақстандықтар оның бриллианттары мен қымбат сөмкелері қандай қаржыға сатып алынғанын сұрай бастады. Сынға ұшыраған шенеунік бренд бұйымдары – аутлеттен, ал баспанасы ипотекаға алынғанын айтып ақталған еді.
10:51
30
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.