«Болашаққа» құжат қабылдау басталды: бағдарламаға қандай өзгерістер енді
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бойынша құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Masa.media.
Құжат тапсыру мерзімдері
«Болашақ» бойынша 16 қазанға дейін, ал ғылыми тағылымдамалар бойынша 30 қазанға дейін құжат қабылданады.
2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 635 стипендия бөлінді:
20 – бакалавриат үшін;
400 – магистратура үшін;
50 – докторантура үшін;
165 – тағылымдамалар үшін.
Бұдан бөлек, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында тағы 250 грант қарастырылған.
Бағдарламаның биылғы ерекшеліктері
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары үшін бөлек санат ашылды. Атом өнеркәсібі үшін мамандарды мақсатты түрде даярлау қолға алынбақ. Сондай-ақ, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша тағылымдамалар қосылды.
Айта кетейік, былтыр желтоқсандағы конкурс нәтижесі бойынша, 225 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген.
16:11
32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.