Бокстан ұлттық құраманың экс-капитаны рингтегі мансабын аяқтады

Қазақстандық әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов рингтегі мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.


15/09/2026
10:24 0

Халықаралық жарыстардағы жеңістері

 

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық боксшы спорттағы жолында ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда елеулі жетістіктерге жеткен.

 

Асланбек Шымбергенов екі рет Қазақстан чемпионы атанды. 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, үш жылдан кейін Азия чемпионы болды. Ал оның спорттық мансабындағы басты жетістігі – 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі.

 

Қазір немен айналысады?

 "Боксқа қайта оралу туралы ой болды. Тіпті жаттығуға қайта кірісіп көрдім. Бірақ болмады. Сондықтан спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрмін", – дейді боксшы.

 Қазақстандық боксшының еншісінде Азия ойындарының да екі жүлдесі бар. Ол 2018 жылы күміс, ал 2023 жылы қола медаль иеленді. 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсті.

 

фото: ХОК

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2026 10:24
0

Уведомление