Бірегей арт-нысан: Алматыда 10 жыл бұрынғы оқиғаға ескерткіш орнатылды

Алматыда 10 жыл бұрын итті құтқару үшін тірі тізбек құрып, қол ұстасқан адамдарға арнап қола ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Masa.media.


23/03/2026
15:02 41 0

2016 жылғы оқиға

 

Осыдан дәл 10 жыл бұрын Алматыда, Сайран жағалауында судан шыға алмай қалған итті құтқару үшін кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тізбек құрып, көмек көрсеткен. Оқиғаның видеосы сол уақытта Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де тараған.

 

Адамгершілік пен бірліктің үлгісін көрсеткен сол оқиға болған жерде арт-нысан бой көтерді. Нысан кеше ресми түрде ашылды.

 

Ескерткіш авторы

 

Арт-нысанның авторы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы заманауи өнердің көрнекті өкілдерінің бірі Ербосын Мелдібеков. Ол өз еңбектерінде тарихқа үңіліп, түрлі деректерді, бейнелерді, ескерткіштерді, табиғат көріністері мен тұлғаларды зерттеп, оларды жаңаша қырынан пайымдайды. Суретшінің жұмыстары Антверпендегі Қазіргі заман өнері музейінде, Гонконгтағы Burger Collection мен M+ Museum қорларында, сондай-ақ Сингапур ұлттық музейінде сақтаулы.

Поделиться

Нет комментариев.

23/03/2026 15:02
41 0

Уведомление