«Біраз уақыт керек»: Рыбакина Уханьдағы турнирден бас тартты
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 турниріне қатыспайды.
Жарыс ұйымдастырушыларының сөзінше, спортшының аяғындағы жарақат оның турнирге қатысуына кедергі келтіреді.
Уханьдағы турнир 12–18 қазан аралығында өтеді. Рыбакина жарысқа бірінші нөмірлі теннисші ретінде қатысуы керек еді.
«Мені ойынымды күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Демалып, қалпыма келуім үшін біраз уақыт қажет. Түсіністік танытып, үнемі қолдау білдіріп жүргендеріңізге рақмет. Келесі жылы кездескенше», – деді Рыбакина.
Бұл шешім Рыбакинаның Бейжіңдегі China Open турнирінен күтпеген жерден шығып қалуынан кейін қабылданды. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлем рейтингінде 118-орында тұрған Армения өкілі Алина Чараеваға 6:3, 4:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Бұл оның US Open-дегі жеңісінен кейінгі алғашқы матчы еді.
Рыбакинаны соңғы айларда аяқ пен табан тұсындағы жарақат мазалап жүр. Тамызда осы мәселеге байланысты Цинциннатидегі ширек финалды аяқтай алмаған. Кейін қалпына келіп, US Open-де чемпион атанып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
Әзірге Рыбакинаның маусымды толық аяқтағаны туралы ақпарат жоқ. WTA мәліметінше, оның келесі жоспарланған жарысы – Нинбодағы WTA 500 турнирі.
08:50
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.