Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік ондыққа кірді
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) өзінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Masa media.
Федерациясының Instagram аккаунтында (Fide_chess) жарияланған рейтингте қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үш позицияға көтеріліп, қазір тоғызыншы орынға жайғасты: оның 2 516 ұпайы бар.
Осылайша Асаубаева әлемдегі ең мықты шахматшы арулардың ондығына енді.
Рейтинг көшбасшысы – қытайлық Хоу Ифан (2 596). Үздік бестікке Қытайдың өкілдері Чжу Цзиньере (2,578), Лэй Тинцзе (2,566), Джу Вэнцзюнь (2,559) және Тан Чжуньи (2,535) кіреді. Алғашқы ондықтағы өзге орындар Хампи Конеру (Үндістан, 2535), Александра Горячкина (Ресей, 2534), Анна Музичук (Украина, 2522) және Екатерина Лагноға (Ресей, 2508) бұйырған.
Ерлер рейтингінде норвегиялық Магнус Карлсен (2 840) көш бастап тұр. Екінші орынға американдық Хикару Накамура (2 810), үшінші орынға АҚШ-тың тағы бір өкілі – Фабиано Каруана (2 795) жайғасты.
Еске салайық, жуырда Бибісара Асаубаева Нидерландыдағы ерлер турнирінде үздік бес ойыншының қатарына кірген.
17:19
29
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.