Белгілі журналист Индира Жылқайдарова қайтыс болды
Бірнеше жыл ауыр дертпен күрескен журналист Индира Жылқайдарова қайтыс болды.
Қаралы хабар
Журналистің қазасы жайлы көпшілікке тележүргізуші Санди Сұлтан хабарлады.
– Индира Жылқайдарова өмірден өтті. Біз "7 арнада" бірге жұмыс істедік. Индира өте мейірімді, жанашыр, әрдайым күлімдеп жүретін қыз еді. Өз ісіне адал, білікті журналист болды. Бір кездері редакциядағы күнделікті жұмысты, эфирлерді, қызметті бірге бөліскен жас әріптестерің туралы осындай қаралы хабарды есту өте ауыр... Жатқан жерің жайлы болсын, Индира, – деп жазды ол.
Журналистикадағы жолы
Индира Жылқайдарова көп жыл бойы «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» қызмет еткен. Ол еңбек жолының басым бөлігін парламенттік журналистикаға арнап, депутаттардың жұмысын және заң шығарушы органның қызметін ақпарат құралдарында жариялап отырды.
Әріптестерінің айтуынша, Индира Жылқайдарова кейінгі жылдары ауыр дерт – онкологиялық аурумен күрескен.
Masa.media редакциясы марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтады.
фото: khabar.kz
07:56
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.