Барлығын отставкаға кетуге үндеді: Петер Мадияр Венгрия премьер-министрі болды
Сәуірде өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадияр Венгрияның премьер-министрі болды.
Петер Мадияр премьер-министр ретінде ант берді. Ол Венгрия халқы ел тарихының жаңа тарауын бастау үшін» өзінің партиясына мандат бергенін айтты.
Бұдан бөлек, Петер Мадияр Виктор Орбан премьер-министр болып тұрған уақытта Венгрия Еуроодақ аумағында жемқорлық жайлаған елге айналғанын алға тартып, Орбан тұсында жоғары лауазымда болған шенеуніктердің барлығын отставкаға кетуге үндеді. Олардың қатарында президент те бар.
КОНТЕКСТ
12 сәуірде өткен парламент сайлауында «Тиса» партиясы жеңіске жетіп, парламенттегі 199 орынның 141-ін иеленген. Бұл партияға конституциялық басымдық береді. Сайлаудан кейін премьер-министр қызметін 16 жыл атқарған Виктор Орбан оппозицияға кетуге мәжбүр болды.
Фото: © AP / Denes Erdos.
22:02
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.