«Бала – тауар емес»: Түркияда балалардың сұлулық байқауына қатысты дау шықты

Үкімет өкілдері балаларды сыртқы келбетіне қарап бір-бірімен бәсекеге түсіруге болмайтынын мәлімдеді.


18/10/2026
09:48 0

Haber басылымының жазуынша, Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі Анталияда өткізілмек болған балалар сұлулығы байқауына байланысты полицияға шағым түсірді. Байқауға 4 пен 13 жас аралығындағы балалар қатысуы керек болған. 

 

Министрлік мәлімдемесінде балаларға жас ерекшелігі мен даму деңгейіне сай келмейтін сұлулық өлшемдерін таңуға және оларды сыртқы келбетіне қарап бағалауға болмайтыны атап өтілген.

«Министрлік аталған ұйымға қатысты қылмыстық шағым түсіреді. Балаларды сыртқы келбетіне қарап бір-бірімен бәсекеге түсіруге, жасына және даму деңгейіне сай келмейтін сұлулық өлшемдерін таңуға, сондай-ақ оларды ересектерге арналған сұлулық талаптарымен бағалауға жол берілмейді. Балаларды коммерциялық мақсатта пайдаланатын мұндай іс-шаралар баланың құқықтарына және оның мүддесін бәрінен жоғары қою қағидатына қайшы келеді», - делінген мәлімдемеде.

Министрлік балалардың дене, психикалық және психоәлеуметтік тұрғыдан дұрыс дамуын қорғау негізгі міндет екенін де еске салды.

«Ешқандай коммерциялық қызметтің, жарнаманың немесе іс-шараның құны балаларымыздың құқығы мен амандығынан жоғары емес. Министрліктің тиісті бөлімшелері қажетті тексеру жұмыстарын бастады», - делінген хабарламада.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2026 09:48
0

Уведомление