Популярные тэги

Бабақұмаровтың өлімі: Істі белгілі судья Көлбаева қарайды

Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Masa Media.


12/01/2026
19:24 32 0

Толығырақ

 

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша жүргізілген. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес әзірге жария етілмейді.

 

Елорда сотының баспасөз қызметі істің материалдары Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады. Істі судья Айжан Көлбаева қарайды.

 

 

Айжан Көлбаева бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесінен кейін Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де танымал судьяға айналды.

 

Алдын ала сот тыңдауы 19 қаңтарға белгіленген.

 

Бабақұмаровтың өлімі

 

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров өткен жылдың қазанында Астанада көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол төбелес салдарынан мерт болған.

 

Ержан Бабақұмаров 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етті. Ол Президент Әкімшілігі мен Үкімет құрылымдарында бірқатар жоғары лауазымдарды атқарған: мәдениет және ақпарат вице-министрі болды, министрліктің жауапты хатшысы қызметін атқарды, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, сондай-ақ президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2026 19:24
32 0

Уведомление