Азия ойындарының ашуылуында Қазақстан туын кім алып шығады?

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Сарвиноз Миркадирова Жапониядағы жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында ұлттық құраманың туын алып шығады.


12/09/2026
11:16 0

ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ

 

Спортшылар туды 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтетін Азияда-2026 ресми ашылу салтанатында алып өтеді.

 

Елдос Сметов – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ, оның қоржынында әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын медальдары бар.

 

Спортшы  ел намысын арқалап, көк туды ұстап шығу өзі үшін ерекше тарихи сәт екенін атап өтті.

Бүгін мен үшін тарихи күн. ХХ жазғы Азия ойындарында көк туды ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып отыр. Мұндай мүмкіндік маған алғаш рет берілді. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Себебі оның артында үлкен жауапкершілік, ел мен мемлекеттің сенімі тұр. Азия ойындарында бар күшімді салуға уәде беремін, – деді Олимпиада чемпионы.

 Сарвиноз Миркадирова Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол WTT Feeder санатындағы халықаралық турнирлерде жүлдеге ие болған, сондай-ақ, әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.

 

АЛТЫН МЕДАЛЬ ҮШІН 50 МЫҢ ДОЛЛАР ТӨЛЕНУІ МҮМКІН

 

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақыны көбейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

 

Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен спортшыларды қосымша ынталандыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірлерге тиісті тапсырмалар берілген.

– Қазір бұл норманы заңнамалық тұрғыда енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін спортшылар 5, 10 немесе 15 мың доллар көлемінде сыйақы алса, енді алтын медаль үшін 50 мың доллар төлеуді жоспарлап отырмыз. Алайда биылғы Азия ойындарындағы төлемдер бюджеттен тыс қаражат есебінен беріледі. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр, – деді министр.

Азиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

 

Фото: Диана Орынбасар

Поделиться

Нет комментариев.

12/09/2026 11:16
0

Уведомление