Азиаданың сегізінші алтыны: қазақстандық ескек есушушілер Жапонияда топ жарды
Қазақстандық ескек есушілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Тартысты бәсеке
Қазақстандықтар академиялық ескек есуден ерлер арасындағы рульсіз қос ескекті қайық жарысының А финалында сынға түсті.
Шешуші жарыста Яковлев пен Чернухин қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені Қытай спортшылары Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Ал Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев 6:32,34 нәтижесімен қола медаль алды.
Осылайша Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті алтын медалін салды.
Қазақстан спортшыларына 99 медаль ажеңіп алу міндеті қойылды
Еске салайық, Азиада-2026-ға Қазақстан құрамасы сапында 559 спортшы қатысуда.
Қазақстандық спортшыларға түрлі дәрежедегі 99 медаль жеңіп алу міндеті қойылды.
Ел спортшылары академиялық есу, көркем жүзу, бадминтон, 5×5 және 3×3 баскетболы, батут гимнастикасы, бокс, брейкинг, тасжол және тректегі велоспорт, су добы, волейбол, еркін күрес, гандбол, гольф, байдарка мен каноэде есу, ескек есуден слалом, грек-рим күресі, джиу-джитсу, дзюдо, каратэ, киберспорт, ат спорты, жеңіл атлетика, маунтинбайк, үстел теннисі, падел, желкенді спорт, жүзу, жағажай волейболы, суға секіру, нысана көздеу, регби-7, скейтбординг, аралас жекпе-жек, қазіргі бессайыс, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, стенд атудан, садақ ату, таэквондо, теннис, триатлон, ауыр атлетика, ушу, семсерлесу, көгалдағы хоккей және көркем гимнастикадан бақ сынайды.
фото: ҚР ҰОК
09:04
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.