Азиада: Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды салды

Жапонияда  өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды.


27/09/2026
08:25 0

Тарихи жеңіс

 

Ясмина Тоқсанбаева марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен топ жарды. Қазақстандық спортшы жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтап, Азиада-2026 чемпионы атанды.

 

Екінші орынды Қытай өкілі Даньцзэн Цюйцзун 3:26:09 нәтижесімен иеленсе, тағы бір қытайлық Ма Ли 3:32:26 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

 

Ясмина Тоқсанбаеваның алтын медалі Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.

 

Әртістік жүзуден де олжалымыз

 

Ал әртістік жүзуден Наргиза Болатова мен Ясмин Тұякова жұптық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық жұп жарыс қорытындысында 286,0826 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

 

Алтын медаль 322,8468 ұпай еншілеген Қытай спортшылары Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйянға бұйырды. Күміс жүлдені 291,7134 ұпай жинаған Жапония өкілдері Моэ Хига мен Томока Сато иеленді. Қазақстандықтар күміс жүлдегерлерден 5,6308 ұпайға қалып қойды.

 

фото: Арлан Олжабай

Поделиться

Нет комментариев.

27/09/2026 08:25
0

Уведомление