Азиада-2026: Елдос Сметов жартылай финалға шықты
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, 60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов ширек финалда Аринболд Енхтейвенді (Моңғолия) иппонға түсірді. Енді ол жартылай финалда Юнг-вей Янгпен (Тайпей) күреседі.
Сондай-ақ 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Сухроб Богиевті (Бахрейн) қосымша уақытта юко әдісімен жеңсе, 48 келідегі Абиба Әбужақынова бірінші айналымда Үндістан өкілін жеңді. Ал Меруерт Сәрсенова ширек финалда өзбекстандық Сита Кадамбаевадан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
фото: ҰОК
09:36
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.