Азиада-2026: Қазақстан спортшыларына 99 медаль жеңіп алу міндеті қойылды

19 қазан, сенбі күні Жапонияның Нагоя қаласында 2026 жылғы Азия ойындары басталады.


18/09/2026
21:40 0

Алғаш рет 1951 жылы Үндістан астанасы Делиде өткен Азия ойындары – Олимпиададан кейінгі ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың бірі.

 

20-шы рет өтетін Азиада-2026 ойындарына Азия құрлығындағы 45 елден 11 мыңнан астам спортшы қатысып, спорттың 43 түрінен 460 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның 217-сі ерлер, 204-і әйелдер арасында, тағы 39 медаль аралас санатта ойнатылады.

 

Ойындардың ашылу салтанаты Нагоядағы 30 мың көрерменге арналған «Палома Мидзухо» стадионында өтеді. Салтанат Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

 

Қазақстан туын кім ұстайды?

 

Ашылу салтанатында Қазақстанның туын дзюдошы Елдос Сметов пен теннисші Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады. Азиада-2026-ға Қазақстан құрамасы сапында 559 спортшы қатысады.

 

Азия ойындарының жалпы медальдар кестесінде Қазақстан алтын медаль саны бойынша алтыншы орында тұр. Еліміздің спортшылары бұған дейін 165 алтын, 180 күміс және 292 қола медаль жеңіп алған. Айта кетейік, Қазақстан Азиадаға алғаш рет 1994 жылы қатысқан. Оған дейін белгілі себептерге байланысты құрлықтық 11 додаға қатыса алмады.

 

1994 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан құрамасы қатарынан алты Азиадада үздік бестіктен түскен жоқ. Алайда Джакарта мен Ханчжоуда өткен соңғы екі ойын Қазақстан спорты үшін сәтті бола қойған жоқ.

 

Ел спортшылары қанша медальдан үмітті?

 

Азиада-2026 ойындарында қазақстандық спортшыларға түрлі дәрежедегі 99 медаль жеңіп алу міндеті қойылды.

 

Қазақстандықтар академиялық есу, көркем жүзу, бадминтон, 5×5 және 3×3 баскетболы, батут гимнастикасы, бокс, брейкинг, тасжол және тректегі велоспорт, су добы, волейбол, еркін күрес, гандбол, гольф, байдарка мен каноэде есу, ескек есуден слалом, грек-рим күресі, джиу-джитсу, дзюдо, каратэ, киберспорт, ат спорты, жеңіл атлетика, маунтинбайк, үстел теннисі, падел, желкенді спорт, жүзу, жағажай волейболы, суға секіру, нысана көздеу, регби-7, скейтбординг, аралас жекпе-жек, қазіргі бессайыс, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, стенд атудан, садақ ату, таэквондо, теннис, триатлон, ауыр атлетика, ушу, семсерлесу, көгалдағы хоккей және көркем гимнастикадан бақ сынайды.

 

 Фото: olympic.kz

Поделиться

Нет комментариев.

18/09/2026 21:40
0

Уведомление