Азиада-2026: Қазақстан 27 медальмен төртінші орында
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы екі қола медаль жеңіп алды.
Ислам мен ескекші арулардың жүлдесі
Қазақстандық мерген Ислам Сатпаев 50 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан үш позиция бойынша ату жарысында үшінші орын алды.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері шешуші кезеңде Қытай спортшыларына ғана жол беріп, Азия ойындарының қола медаліне ие болды. Бұл – Ислам Сатпаевтың Азия ойындарындағы кезекті ірі жетістіктерінің бірі.
Қазақстан құрамасының жүлде қоржыны байдарка мен каноэде есуден әйелдер арасындағы жарыста тағы бір қола медальмен толықты.
500 метр қашықтықтағы төрттік байдарка бойынша А финалында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті.
Қазақстандық экипаж қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырып, үшінші орынға тұрақтады. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды – 1:33,784. Күмісті Өзбекстан спортшылары иеленді – 1:36,561.
Қазақстан төртінші орында
Ислам Сатпаев пен байдаркадан әйелдер құрамасының қоласы Қазақстан құрамасының
Аичи-Нагоядағы медаль қорын 27 жүлдеге жеткізді.
Қазіргі есеп бойынша Қазақстан спортшыларының еншісінде 8 алтын, 8 күміс және 11 қола жүлде бар. Барлығы – 27 медаль. Қазақстан жалпы командалық есепте төртінші орында келеді.
Сонымен қатар семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алып, жарысты жалғастыруда. Олар осылайша кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті және финалға шығу үшін күреседі.
фото: ҰОК
14:04
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.