Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі кім?
Президент Айдос Мырзахметовті қорғаныс министрі қызметіне тағайындады.
Айдос Мырзахметов кім?
Айдос Мырзахметов - генерал-майор. Ол 2002 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өткен.
2024 жылғы қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.
2026 жылғы мамырда оған генерал-майор жоғары әскери атағы берілді. Сондай-ақ, Айдос Мырзахметов II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Қосановтың қызметінен алынуы
27 қыркүйекте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімді қабылдауына Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін қоғамның қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап етуі себеп болды. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қауіпсіздігіне кім жауапты болғанын түсіндіруді талап етті.
Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Ауа райы күрт бұзылып, қатты жел мен толқын салдарынан 17 әскери қызметшіқ суға кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 адам қаза тапты.
Қазір тергеу барысында оқу-жаттығудың неліктен дер кезінде тоқтатылмағаны анықталып жатыр. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райына қарамастан жаттығуды жалғастыруға не себеп болғаны тексеріліп жатыр.
Қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары басшылық қызмет атқарған бес әскери қызметшіні ұстады.
Олардың арасында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және катер командирі бар.
Тергеу әскери қызмет міндеттерін тиісінше орындамау және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме бұзу қағидаларын бұзу баптары бойынша жүргізіліп жатыр.
11:40
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.