Қазақстанның қай қалаларында пәтер жалдау арзан?

Алматы мен Астана тәуліктік пәтер жалдау ақысы ең қымбат қалалар арасында топ бастап тұр.


22/10/2026
10:11 0

Krisha.kz мәліметінше,  Алматыда бір бөлмелі пәтерді тәулігіне орта есеппен 16 мың теңгеге жалдауға болады. Екі бөлмелі пәтердің ақысы – 22 мың, ал үш бөлмелісінікі 35 мың теңге.

 

Астанада пәтер жалдау бағасы сәл төмен. Бір бөлмелі пәтер тәулігіне 15 мың теңге тұрса, екі бөлмелісі – 19 мың, үш бөлмелісі 30 мың теңгеге жалға беріледі.

 «Бір бөлмелі пәтерді ең арзан бағаға Ақтау, Ақтөбе, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларынан жалдауға болады. Мұнда тәуліктік ақы шамамен 10 мың теңге», – делінген жарияланымда.

 Ал кеңірек пәтерлердің жалдау құны қалаға қарай айтарлықтай өзгереді. Мәселен, Түркістанда үш бөлмелі пәтерді тәулігіне шамамен 15 мың теңгеге жалдауға болса, Оралда оның бағасы 25 мың теңгеге жетеді.

 

Бұған дейін сарапшылар Қазақстанда баспананы ұзақ мерзімге жалдау ақысы қымбаттағанын мәлімдеген. 2026 жылғы тамызда бір бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы шілденің соңымен салыстырғанда орта есеппен 11 пайызға, екі бөлмелі пәтерлердікі шамамен 13 пайызға, ал үш бөлмелі пәтерлердікі 10 пайызға өскен.

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2026 10:11
0

Уведомление