Қазақстандықтар үшін Мальдив аралдарына жету жеңілдей түседі

Енді екі елдің әуе компаниялары бұрынғы жеті рейстің орнына аптасына 14 рейске дейін орындай алады. 


18/11/2026
11:13 0

Қазақстан мен Мальдив аралдары екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын көбейтуге келісті. Енді екі елдің әуе компаниялары бұрынғы жеті рейстің орнына аптасына 14 рейске дейін орындай алады. 

 

Келісімге Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдив Республикасының Азаматтық авиация басқармасының басшысы Абдул Харис қол жеткізді.

 

Кездесу Монреаль қаласында өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы аясында өтті.

 

Қазақстан Көлік министрлігінің  мәліметінше, тараптар әуе компанияларына бесінші дәрежелі әуе еркіндігі құқығын пайдаланып, рейстер орындау мүмкіндігін де талқылаған.

 «Бұл әуе компанияларына халықаралық бағыттардың қосымша нұсқаларын қарастырып, коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады», – делінген министрлік хабарламасында.

 Бұдан бөлек, кездесу барысында туризмді дамыту және азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері сөз болды.

Поделиться

Нет комментариев.

18/11/2026 11:13
0

Уведомление