Қазақстандық теннисші Үндістанда екі күнде екі титулға қол жеткізді
Жібек Құламбаеваның Нагпурдағы ойыны жанкүйерлерін тәнті етті.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 419-орын) Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 турнирінің жекелей сындағы финалында өнер көрсетті.
Sports.kz-тің жазуынша, финалда қазақстандық спортшының қарсыласы үндістандық Сонал Патил (1159-орын) болды. Нәтижесінде Құламбаева екі сетте сенімді жеңіске жетті — 6:1, 6:3.
Еске салайық, бұған дейін Жібек Құламбаева Нагпурдағы турнирдің жұптық сынында да топ жарған еді.
Ресейлік Екатерина Яшинамен жұптасқан олар шешуші кездесуде Ксения Ласкутова мен Элина Неплий дуэтін жеңіп шықты. Бұл матч 28 наурыз күні өткен.
Айта кетейік, 10-11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін бұл сында біздің команда Канада құрамасына қарсы ойнайды.
11:45
49
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.