Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогында алтын медаль олжалады
Ел құрамасы сайыс финалында Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
09:19
0
Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды.
Қазақстандық семсерлесушілер ширек финалда Мысырдан басым түссе, жартылай финалда Францияны жеңген еді. Сонымен қатар жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да тізе бүктірген. Ал ақтық сайыста Ресейден басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ осы маусымда қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионы атанды.
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.