Қазақстандық оқушылар халықаралық химия олимпиададасында топ жарды
Жарыстың ең жоғары марапаты - алтын медальді Әбдіжан Ибраимов жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен Әбу Райхан Беруни атындағы III халықаралық химия олимпиадасында (ARBIChO 2026) жоғары нәтиже көрсетті. Ел намысын қорғаған жеті оқушының барлығы жүлдегер атанып, жалпы саны жеті медаль иеленді.
Олимпиада 2-10 қараша аралығында Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 19 елден 32 команда қатысқан. Жас химиктер теориялық есептер шығарып, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін сынға салды.
Жарыстың ең жоғары марапаты - алтын медальді Әбдіжан Ибраимов жеңіп алды. Күміс жүлдеге Әбуғали Иса, Ислам Қуанышбеков, Ислам Келдібаев және Гаухар Нұрлан ие болды. Ал Мансұр Құрғанов пен Санжар Берікбай қола медаль еншіледі.
Қазақстан құрамасының жетекшісі Әнуар Нұртазин оқушылардың жетістігіне пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл нәтиже білімге инвестиция салу және дарынды балаларды қолдаудың маңызын көрсетеді.
«Адам капиталына салынған инвестицияның қайтарымы ең жоғары болады. Жеті оқушының жетеуі де медаль иеленуі балаларымыздың әлемнің үздіктерімен бәсекеге түсе алатынын дәлелдейді. Ендігі мақсат - осындай жетістіктерді тұрақты нәтижеге айналдыру», – деді ол.
13:02
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.