Қазақстандық онкологтар әйелдерді тегін қабылдайды: қашан және қайда бару керек?
Ертең, 26 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңіріндегі онкологиялық орталықтарда әйелдерге арналған бірыңғай ашық есік күні өтеді.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, мамандар келушілерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Әйелдер онкогинекологтардың қабылдауына тегін кіріп, алғашқы тексеруден өтіп, қатерлі ісіктің алдын алу бойынша кеңес ала алады.
Тексеруден өту үшін жасына немесе тіркелген мекенжайына байланысты шектеу қойылмайды. Қабылдауға келгенде өзімен бірге жеке куәлік болуы қажет.
Іс-шара әйелдер денсаулығына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылып отыр.
Қандай белгілерді елеусіз қалдыруға болмайды?
Дәрігерлер етеккір циклінің бұзылуы, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе ауырлық сезімі, іштің кебуі, әдеттен тыс бөлінділер, себепсіз әлсіздік пен салмақ жоғалту секілді белгілер байқалса, медициналық тексеруді кейінге қалдырмауға кеңес береді.
Мамандар мұндай белгілердің болуы міндетті түрде қатерлі ісікті білдірмейтінін атап өтті. Дегенмен олардың себебін анықтау үшін дәрігерге қаралған жөн.
Қайда баруға болады?
Алматы: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты – Абай даңғылы, 91. Тел.: 8 (727) 310-90-23. Алматы онкологиялық орталығы – Папанин көшесі, 220А, А литері, 1-қабат. Тел.: 8 (727) 312-24-74.
Астана: Көпбейінді медициналық орталық – Манас көшесі, 17. Тел.: 8 (7172) 57-96-00, 57-96-01, 57-96-03.
Алматы облысы: Алматы өңірлік көпбейінді клиникасы – Алматы қаласы, Роза Бағланова көшесі, 69а. Тел.: 8 (727) 261-39-52, 8 (727) 227-52-96.
Шымкент: Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана – Байтұрсынов көшесі, 85а. Тел.: 8 (7252) 92-21-15, 8 (7252) 92-21-11.
Ақмола облысы, Көкшетау: Көпбейінді облыстық аурухананың онкополиклиникасы – Ақан сері көшесі, 1в. Тел.: 8 (7162) 33-04-94.
Жетісу облысы, Талдықорған: Облыстық көпбейінді клиника – Абай көшесі, 316, №1 емхана корпусы. Тел.: 8 (7282) 40-10-55.
Жамбыл облысы, Тараз: Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері – Әулие ата шағынауданы, №8 үй. Тел.: 8 702 365 39 28.
Түркістан облысы: Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы — Шымкент қаласы, Құрманбеков көшесі, 2/6. Тел.: 8 (7252) 40-72-01.
16:07
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.