Қазақстандық модель атақты америкалық хоррор-сериалдың постерінен көрінді
Қазақстандық модель әрі актриса Наргиз Есенгелді “Америкалық қорқынышты хикая” сериалының ресми постеріне түсті.
Райан Мерфидің «Америкалық қорқынышты хикая» сериалының жаңа маусымының алғашқы үш бөлімі көрерменге жол тартты. Жобада бұрынғы маусымдардан таныс Сара Полсон, Анджела Бассетт, Эмма Робертс секілді танымал актерлермен қатар, жаңа есімдер де пайда болды.

Солардың қатарында қазақстандық модель Наргиз Есенгелді де бар. Ол сериалдың ресми постерлеріне түскен. Бұл туралы модель әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Осындай культтік жобаның бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе. “Америкалық қорқынышты хикая” әрдайым жүрегіме жақын сериал болды. Осы сериалды көріп өстім, кейіпкерлерінің әрқайсысын жақсы көрдім. Енді өзімнің осы жобаның бір бөлігі болғаныма әлі де сене алмаймын. Маған осындай мүмкіндік берген тағдырға алғысым шексіз», – деп жазды Наргиз Instagram парақшасында.
Наргиздің қорқынышты әрі әсерлі гримдегі бейнесі сериалдың 13-маусымына арналған ресми постерлерде жарияланған. Қорқынышты хикаялар әлемінде 13 санының ерекше мәні бар екені белгілі.
Модель түсірілім барысынан бірнеше кадрды да оқырмандарына ұсынды.

фото: Instagram
12:14
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.