Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Фатима Сұпығалиева португалиялық София Гаспармен белдесті. Белдесу тартысты өтті. Алғашында Гаспар иппонға жақын болғанымен, Фатима қарсыласын сегіз секунд бойы ұстап тұрып, жеңіліп қалмады. Кейін таразы басын өз пайдасына аударып, қарсыласын иппонмен жеңді. Осылайша, Сұпығалиева жарыс чемпионы атанды.
Ол финалға дейін де қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Ширек финалда костарикалық Химена Моралес Гамбоаны, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы иппонмен ұтты.
Ал София Гаспар ширек финалда бельгиялық Виктория Григорянды қосымша уақытта «юко» бағасымен жеңсе, жартылай финалда молдовалық Александра Киронды 1 минут 4 секундта иппонмен ұтқан.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы медалі. Байрақты бәсеке Сенегалда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.
08:15
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.